Бас жаңалықтар
Ревакцинация. Шетелде жүрген қазақстандықтар вакцинаны екінші қайталап салдыра бастады
04 Қазан 2021, 10:05 1063

Ревакцинация. Шетелде жүрген қазақстандықтар вакцинаны екінші қайталап салдыра бастады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Дубайда жүрген Даша Бублик есімді отандасымыз коронавирусқа қарсы екінші вакцинаны салдырғанын мәлімдеді. 

Екінші қайтара екпе салдырдым. Менде енді коронавирусқа қарсы екеу емес, төрт вакцина бар. Біріншісі – қытайлық «Синофарм», екіншісі – америкалық Pfizer вакцинасы. Шынымды айтсам, бұл дұрыс па, бұрыс па білмеймін, бастысы ауырып қалу қатерін және жақындарыма жұқтырып алмауды мейлінші төмендеткім келді,-деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.

Сонымен қатар ол Эмиратта вакцинаны алдын ала тіркелусіз салдыру қиын екенін жазды.

Вакцина алу үшін уақытты әрең дегенде брондай алдым, алдын ала жазылусыз вакцианны алу мүмкін емес. Адамдар қарасы өте көп. Эмиратта «Синофарм» вакцинасын алғандарға ресми түрде америкалық вакцинаны алу ұсынылды. Оның үстіне, екіншісін «Синофармнан» үш ай өткен соң алуға болады. Вакцина алдында менің ағзамдағы антидене қаншалықты деңгейде болғанын білмеймін. Оны тексертіп, уақыт кетіргім келмеді. Тек, Pfizer вакцинасынан болатын қатерлер туралы ізденіп, оқып көрдім, - дейді Бублик.

Сонымен қатар ол мектеп жасындағы баласының да Pfizer вакцинасының екі дозасын алғанын жазды. Өйткені Эмиретта 12 жастан асқан балаларға вакцина салып жатқанына біраз уақыт болған. Ал, вакцина алған ұлы оны оңай өткеріпті, аздаған әлсіздік пен басы ауырған.

Енді шетелде салдырған вакцинаны Қазақстанда тіркеуім керек болып тұр. Менің түсінуімше, оны кез келген мемлекеттік емханада жасауға болады. Сондай-ақ алдыда тұмауға қарсы маусымдық вакцина тұр. Коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін оны алуға бола ма екен, әрі оны 15 қазанға дейін салдыру керек дейді, - деп жазды Бублик.


Фото: дереккөз
Загрузка...