Ревакцинация. Әуелі кімдерге салынады?

10 Қараша 2021, 10:20
979
Бөлісу:
Ревакцинация. Әуелі кімдерге салынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау қатер тобындағы азаматтарды қамтитын болады.

Биылғы жылдың соңына дейін алғашқы вакциналауды есепке ала отырып, бірінші кезекте ревакцинация халықтың осал топтарына жүргізіледі. Яғни медициналық қызметкерлер, педагогтар, жергілікті атқарушы органның, жабық балалар мекемесі мен күштік құрылым қызметкерлері екпе алады, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.

Сондай-ақ 60 жастан асқан тұлғалар, өздігінен тексеруден өткендер мен коронавирусқа қарсы антидене сынамасының теріс нәтижесі бар адамдарға қайта вакцина салдыруға рұқсат бар.

Алғашқы жаппай вакцинациялаудың сәуір айында басталғанын есепке ала отырып, алғашқы вакциналаудан өткен республиканың барлық азаматтарына 2022 жылы қаңтар айынан бастап ревакцинация жүргізіледі. Осыған байланысты Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктерін тәуекел тобына жататын тұлғаларды 22 қарашадан бастап, ал халықтың қалған тобын келесі жылдан бастап қайта вакциналауға кірісуді тапсырамын, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр Pfizer вакцинасының қашаннан бастап салынатыны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы