Республикалық жолдардың қанша шақырымы ақылы болады?

9 Қыркүйек 2021, 13:26
2312
Бөлісу:
Республикалық жолдардың қанша шақырымы ақылы болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Жылдың соңына дейін 1,8 мың шақырым болатын I категориялы учаскелерде ақылы төлем жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары мен ақауларды жою шаралары жүргізіліп жатыр. Бірінші категориялы жаңа ақылы учаскелерде жүру үшін төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру көзделген, - деді ол.

Қамалиев атағандай, автомобиль жолдарының әрбір ақылы учаскесінде қолданыстағы баламалы бағыттар, оның ішінде жергілікті маңызы бар жолдар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «ақылы жолдарды енгізу – жалпыәлемдік тәжірибеге сәйкес келетін дұрыс шешім». Ақылы автожолдарды нормативтік күтіп ұстау енгізілуде, аталған жүйе шығындарды толық көлемде жабуға және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін баса атап өткім келеді. 2025 жылға дейін ақылылық жүйесін республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделген, - деді Қамалиев.

Өзгелердің жаңалығы