Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

29 Шілде 2021, 09:21
3298
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады
PHOTO
Фото: автордан

Алматы облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұзақ жолға шығатын жолаушылар үшін қуанышты жаңалық. Енді республикалық маңызы бар автожолдарда халыққа ыңғайлы, комфорт кешендер салынады. 

Мұндай кешеннің алғашқысы «Алматы-Өскемен» тас жолының 20-шақырымында бой көтерді. 

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Ол жерде жүргізушілер көліктеріне жанармай құйып қана қоймай, тамақтанып, жуына алады. 

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Шағын-маркет пен жылдам тамақтану орны, тіптен, намаз оқитын бөлме де қарастырылған. 

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Бір сөзбен айтқанда ұзақ жол жүріп бара жатқан адам үшін барлық комфорт жасалған.

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

«PETROLEUM DEVELOPMENT COMPANY» ЖШС-і елімізде осындай 35 кешен салуды жоспарлап отыр.

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Аталған компанияның жол бойында сервистерді салу жобасының басшысы Дәулет Сиранов қазір жолаушылар тынығып демалатын әрі қажетті заттар алуына арналған осындай кешенге сұраныс туындап отырғанын айтады.

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

«ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірігіп еліміздің республикалық маңызы бар жолдары бойында 35 кешен салуды көздеп отырмыз. Оның құрылысын жүргізу бойынша меморандум жасалды. Қазір әлемдік стандартқа сай келетін осындай кешендер тұрғызатын уақыт жетті. Бұл біз салған алғашқы кешен. Қазір Ақмола, Жамбыл, Алматы облыстарында дәл осындай нысанды салу жұмысы жүріп жатыр, - дейді ол.
«Алматы-Өскемен» тас жолы бойындағы Үшарал қаласы маңында дәл осындай тағы бір кешен салу бекітілген. Болашақта тағы 3-4 кешен салынады деп жоспарланып отыр. 

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Аталған кешен 2 гектар аумақты алып жатыр, бір сәтте ұзақ жолға шыққан 40-қа жуық жүк көлігін қабылдай алады. Кешенде сондай-ақ электрокаттарды қуаттайтын құрылғы да қойылған. 

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Жалпы Алматы облысында автожол бойында 264 сервис бар екен, оның 193-і ғана стандарт талаптарына сай. 2021 жылы облыс көлемінде осындай 4 кешен салынған. Олар «Алматы-Шелек-Қорғас» жолының 125-шақырымында, жолдың екі жағында 2 сервис, «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» тас жолының 131 және 165-шақырымында салынған.

Республикалық маңызы бар жол бойына намазхана мен душы бар кешендер салына бастады

Өзгелердің жаңалығы