Республикалық бюджет кірістерінің шығыны 1,7 трлн теңгені құрады

10 Шілде 2020, 13:12
1364
Бөлісу:
Республикалық бюджет кірістерінің шығыны  1,7 трлн теңгені құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің шығыны  1,7 трлн теңгеге бағаланып отыр,  деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Карантин және мұнай бағасының төмендеуі бюджет кірістерінің күрт қысқаруына әкелді. 2020 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің шығыны  1,7 трлн теңгеге бағаланып отыр. Қазір бюджеттің тұрақтылығына Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен қол жеткізіледі, - деді ол. 
Сондай-ақ  президент ұлттық қордың трасферті туралы сөз қозғады. 
Осы жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 4,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2021 жылдан бастап Ұлттық қордан трансферттер тек мақсатты сипатта болуы тиіс. Олар тек әлеуметтік проблемаларды шешуге және инфрақұрылымдық дамуға бағытталуы мүмкін, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы