Республикадағы ең ауқымды айтыс осы болды – Жүрсін Ерман

8 Қазан 2021, 20:33
2306
Бөлісу:
Республикадағы ең ауқымды айтыс осы болды – Жүрсін Ерман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық мәдениет басқармасы мен «ASSYLTAS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 9-10 қазан күндері Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысының супер финалы өтеді.

Аламан айтысқа төрт іріктеу кезенінен өткен 18 ақын қатысады. Олар: Ринат Зайытов, Мұхтар  Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан, Шалқарбай Ізбасаров, Қанат Мырзахан, Қазірет Бердіхан, Рүстем Қайыртай, Ерлан Аманқожа, Нұрлан Есенқұлов, Бауыржан Ширмединұлы, Шұғайып Сезімхан, Рауан Қайдаров, Нұрзат Қару, Серік Қуанған,  Айбек Жеңісқазин, Жансая Мусина және Нұрмахан Жақыпбеков.

Бұл айтыс бұрынғы айтыстан өзгерек. Осы жолғы айтыстың ерекшелігі ақындардың жұбы жеребемен анықталып отырды. Яғни ақындар алдын-ала кіммен айтысатынын білмейді. Іріктеу 4 кезеңнен тұрды. Барлығы 47 ақын қатысты. Бұл да бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Республикадағы ең ауқымды айтыс осы болды, - дейді Жүрсін Ерман.

Республикадағы ең ауқымды айтыс осы болды – Жүрсін Ерман

Биылғы ASSYL DOMBYRA ақындар айтысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына орай өткізілді. Сондай-ақ әр іріктеу кезеңінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, Мұқағалидің 90 жас мерейтойы мен Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына да арналды. Ұйымдастырушы ASSYLTAS қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеевтің айтуынша, бұл жолы суперфиналда ақындар қоғамдағы өзекті проблемаларды қозғап, көрермендер нағыз шаппа-шап айтыстың куәсі болады дейді.

Суперфиналға кіл мықтылар іріктелініп алды. Айтыстың екі іріктеу кезеңі Алматы қаласында, бірі Алматы облысында және тағы біреуі Орал қаласында өткізілді. Нағыз тартысқа толы сайыстар өтті. Осы жолы финалда Ринат Зайытовтың, Мұхтар Ниязов пен Жансая Мусина сияқты ақындардың болуы сайыстың көркін қыздырады. Жеңімпазға ASSYLTAS қоғамдық қоры асыл тастармен көмкерілген арнайы дайындалған домбырану тарту етеді. Сондай-ақ қомақты жүлделер тағайындадық,- деді Дулат Тұрсынұлы.

ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының төрт іріктеу кезеңін 3 млн-ға жуық көрермен youtube арнасынан тамашалаған. Бұл жолғы суперфиналды көрермендер тікелей эфир арқылы ASSYLTAS TV арнасынан көре алады.

Өзгелердің жаңалығы