Республика «сары» аймақта – Цой

27 Қараша 2020, 16:56
1747
Бөлісу:
Республика «сары» аймақта – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Еліміздегі коронавирус инфекциясымен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. 27 қарашадағы жағдай бойынша елде пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 129 213 және КВИ- жағдайымен 41 756 адам анықталды. Осы 27 қарашадағы жағдайға сәйкес республика «сары» аймақта. Ал қатаң карантиндік шаралар енгізіліп, «қызыл» аймаққа кірген өңірлер саны – 5. Олар: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Өткен аптадағы жағдаймен салыстырғанда осы аптада «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары өтті. «Сары» аймақта Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлердегі жағдай «жасыл» аймаққа сай келеді, - деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, қараша айындағы КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші қазан айына қарағанда 3,7%-ға өскен.

Аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бүгінде әкімдіктер қатаңдатылған шаралар қабылдап, жалпы тамақтану орындарына келушілер санын азайту, кәсіпкерлік нысандарындағы жұмыс режимін қысқарту және демалыс күндері қоғамдық көлікті шектеу бойынша бірқатар шектеу енгізді. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында қазан айының ортасынан бастап енгізілген қатаң шаралардың арқасында қараша айының екінші жартысынан бастап сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі байқалады. Бүгінде 4 млн-нан астам зерттеу жүргізіліп, тестілеу жұмыстарының тәуліктің қуаттылығы 90 мыңға артты, күн сайын зертханаларда 40 мыңға жуық тест жасалады. Осыған орай зертханалардың резервті қуаттылығы 50 мың зерттеуді құрады, - деді Цой.

Өзгелердің жаңалығы