Бас жаңалықтар
БҒМ: Республикалық олимпиада алғаш рет онлайн өтеді
18 Наурыз 2019, 09:07 775

БҒМ: Республикалық олимпиада алғаш рет онлайн өтеді

Астана, BAQ.KZ. Оқушылар арасындағы республикалық олимпиада алғаш рет онлайн режимде көрсетіледі. Бұл туралы БҒМ фейсбук парақшасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе қаласында 15-20 наурыз аралығында облыс әкімінің қолдауымен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізеді. Ашық та, әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет олимпиада онлайн режимде көрсетіледі (https://edu.mail.kz/services/online/). Яғни, кез келген адам олимпиаданы виртуал түрде қадағалап, қазылар алқасының жауаптарды тексеру кезіндегі жұмысын назарда ұстай алады. Олимпиада Ақтөбе қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өтеді" - делінген хабарламада.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету.

"Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша олимпиадаға 832 оқушы қатысады. Оның ішінде құрама командадағы 83 бала - халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері. Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан 19 команда қатысады. Ақтөбе қаласында өтетін республикалық олимпиаданы өткізу кезінде бағдарлама бойынша ұйымдастыру іс-шаралары, ашылу және жабылу салтанаты ғана емес, мәдени-экскурсиялық бағдарламалар да қарастырылған. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады" - делінген БҒМ таратқан хабарламада.

Өтетін орны мен уақыты: ашылуы – 15 наурыз, сағат 10.00-де, Ақтөбе қаласы, Өнер орталығы, Әбілхайыр хан к-сі, 90 Б; жабылуы – 20 наурыз, сағат 10.00-де, Өнер орталығы.

Загрузка...