Республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

8 Қараша 2021, 08:40
1085
Бөлісу:
Республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 8 қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының аумағында көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысында циклонның әсерінен жауын-шашын жауады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігі мен орталығында жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында, Павлодар облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Жамбыл облысының оңтүстік шығысы мен таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Алматы облысының Алакөл көлдері аумағында жел 17-22 м/с күшейеді.  Атырау облысының батысы мен солтүстігінде, түнде Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы