Республика бойынша қанша адамға вакцина салынады?

30 Қыркүйек 2020, 09:42
1344
Бөлісу:
Республика бойынша қанша адамға вакцина салынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн  отырысында республика бойынша қанша адамға вакцина салынатынын айтты.  

Цой екінші категориялы елдерден келетін азаматтарға қандай міндетті талап қойылатынын айтты. 

Термометрия, анкеталау және 3 тәулікке жетпеген коронавирус сынамасы анымақтамасының  болуы қажет. Егер ондай анықтама болмаған жағдайда келушілер карантин стационарларында сынама тапсырмайынша екі тәулік бойы жатады. Осы сынды талап ЕАЭО елдері мен Өзбекстанға шекара асатындарға да қойылады. Осы оайда, облыс әкімдері мен Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласының әкімдеріне мемлекеттік шекара маңында карантин стационарлармен қамтамасыз етуді тапсырды, - деді ол. 

Цой індеттің өршуін алдын алу бойынша бірқатар шара қабылданып жатқанын айтты. 

Дәрілік қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Өңірлерден  91 дәрінің түрі бойынша 14 млрд теңгенің қосымша бұйымдарына тапсырыс келді. Дәрі-дәрмектің қоры жасақталды. 1,4 млрд теңгеге өңірлер қамтамасыз етілді. Өңірлерде 13 млрд теңгеге қосымша тұрақтандыру қоры құрылды, - деді ол. 

Министр айтқандай, амбулаторлық деңгейде емделу препараттарының тізімі кеңейді. 

Сондай-ақ жылыту маусымы ерте басталды. Өткір респираторлық-вирустық аурулардың төмендеуі байқалды. Бұған әлеуметтік арақашықтық пен маска тағу режимі де әсер етті. Сондай-ақ вакцинациялауға жататын тәуекелді топтарды анықтадық. Республика бойынша 2,8 адамға вакцина салу болжанып отыр. Бұл - халықтың 15 пайызын құрап отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы