Бүгін республика бойынша мамандандырылған ХҚКО жұмысы тоқтап қалған

17 Сәуір 2019, 22:00
2130
Бөлісу:
Бүгін республика бойынша мамандандырылған ХҚКО жұмысы тоқтап қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 12-ден бастап, техникалық ақауға байланысты республика аумағында мамандандырылған ХҚКО-да қызмет көрсету тоқтатылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

17 сәуір күні сағат 12-ден бастап техникалық себептерге байланысты республика аумағында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында және әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөліністерінде автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылды.

"Қазіргі уақытта орын алған техникалық ақау жөнделіп, сағат 17. 00-ден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету штаттық кестеде жүзеге асырыла бастады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 


Өзгелердің жаңалығы