Ресейлік «Tourister.ru» сайтының экспедициясы Қазақстанға келді

29 Сәуір 2019, 22:47
2715
Бөлісу:
Ресейлік «Tourister.ru» сайтының экспедициясы Қазақстанға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД-дағы ең үлкен саяхатшы қоғамдастықтарының бірі - Туристер.ру сайтының 28 сәуірде Астраханнан бастаған экспедициясы Батыс Қазақстанға жетті.

Туристер.ру – ол әлеуметтік желідегі танымал көпфункционалды ресурс. Онда пайдаланушылар саяхатын жоспарлау барысындағы барлық қажетті ақпаратты табумен қатар, саяхатын енді ғана көздеп отырғандарымен, өз жаңалықтарымен де бөлісе алады.

22 туристерден құрылған топ бүгін шекарадан өтіп, Атырау қаласына жетті. Енді саяхатшылар 13 күн бойы Батыс Қазақстанның ең сұлу жерлеріне аттанады. Атап айтқанда Тұзбайыр, Айрақты, Шерқала, Торыш, Жығылған, Шақпақ ата қорымы, Кенті баба, Сұлтан үпі, Боқты, Босжыра, Ақкегершін, Ақтоғалай.

«Біздің бірінші экспедициямыз үшін шетелдік, өзі жақын, онша танымал емес, әрі жолдан тыс жерменен жүре отырып, шатырда қонатындай мүмкіндік беретін, тиісті инфрақұрылыммен жабдықталған бағытты таңдағымыз келді», - делінген tourister.ru сайтындағы экспедицияға берілген сипаттамада.

Бұл туристік ресурстың тарихындағы алғашқы экспедиция екенін атап өткен жөн. Сондықтан Kazakh Tourism үлкен қуанышпен жобаға ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуде.

«Ресейліктер Қазақстан үшін №1 туризм нарығы екені белгілі. Қазіргі ағым болса, көбінесе іскерлік мақсаттағы және жыл сайын туыстары мен достарына келетін келушілерден тұрады. Біздің міндетіміз – классикалық ұғымдағы туризмге қарай назар аударту, оның ішінде, белсенді демалыс түрлерін ілгерілету. Осы тұрғыдан алғанда, экспедиция біздің мақсаттарымызға толық сәйкес келеді – біз одан кейін Батыс Қазақстанға барғысы келетін адамдар саны арта түседі және осы бағытта «Туристер» сайтында нақты туристік ұсыныстар пайда болады деп ойлаймыз», - деп атап өтті Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Өркен Бисақаев.

Экспедицияның өту барысын инстаграмдағы @kazakhtourism_official и туристер.ру ресми парақшаларында көре аласыз.


Өзгелердің жаңалығы