Ахметжан Есімов "Самұрық-Энергоға" ресейлік компаниямен мәмілені аяқтауды тапсырды

19 Қыркүйек 2019, 18:10
1647
Бөлісу:
Ахметжан Есімов "Самұрық-Энергоға" ресейлік компаниямен мәмілені аяқтауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда "Самұрық-Қазына" ұлттық əл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен "Самұрық-Энерго" компаниялар тобының жұмысына қатысты кеңес өтті, деп хабарлады "Самұрық-Қазынаның" баспасөз қызметі.

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов Қор басшысы Ахметжан Есімовті компаниялар тобындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Дәлірек айтсақ, Бақытжан Жоламанов осы жылдың ақпан айында халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігінің тұрақты баға бергенін айтты. Бұдан бөлек, ол осы жылдың сәуір айында іске қосылған «Шардара ЖЭС» АҚ-ның №2 суагрегатының іске қосылуы өте маңызды фактор екенін атап өтті.

Дегенмен, Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының назарын бірқатар мәселелерге аударды. Атап айтқанда, Қор басшысы электр қуатының экспортын азайтып, нысандардың жылу беру маусымына дайындық мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, Павлодар облысындағы бірлескен жобаларды дамыту керектігін айтп өтті.

Бұдан бөлек, Қордың Басқарма төрағасы кеңес барысында нақты-нақты тапсырмалар берді. 

«Ресейдің энергетикалық холдингі ИнтерРАО-ның үлесін сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтап, Екібастұз ЖЭС-2-дегі №3 блоктың құрылысын тездету міндеттері алғашқы орында тұр. Сондай-ақ, электр энергияның экспортын арттырудың болашақ тәсілдерін табу да маңыды», - деп атап өтті Ахметжан Есімов. 

Қор басшысы бұл міндеттерді компания жекешелендірудің алдында орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, 2019 жылдың 1 қыркүйегінде жағдай бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының дебиттік қарыздары 5 млрд теңгеге азайды.

Өзгелердің жаңалығы