Ресейлік есептегі көлік Алматы облысында 5 млн теңгеден астам сомаға ЖҚЕ бұзды

8 Қараша 2021, 20:59
937
Бөлісу:
Ресейлік есептегі көлік Алматы облысында 5 млн теңгеден астам сомаға ЖҚЕ бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік есептегі көлік Алматы облысында 5 миллион теңгеден астам сомаға жол ережелерін бұзды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының аумағында орналасқан автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарымен Қазақстан Республикасының аумағында ЖҚЕ бұзушылықтары бар уақытша тіркеуі және сақтандыру міндеттемелері жоқ шет мемлекеттердің тіркеу нөмірлік белгілері бар 92 автокөлік тіркелген, олар бойынша жалпы сомасы 42 млн 442 мың 350 теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынған.

Мысалы, Ресей Федерациясының ВАЗ-2114 маркалы автокөлігінің қатысуымен жалпы сомасы 5 млн 817 мың теңгеге 184 әкімшілік құқық бұзушылық жасалды, ПД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің қызметкерлері аталған көлікті ұстап, Қаскелең қаласының арнайы автотұрағына қойды. Анықталған автокөліктің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ӘПБ ӘТБ бастығы Саят Ибраимов.

Барлық ұсталған көліктерге жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, белгіленген тәртіпте тіркелмеген көліктерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2- бөлігі бойынша қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы