Ресейдің «Листвяжская» шахтасында 10 кенші қайтыс болды

25 Қараша 2021, 20:10
1154
Бөлісу:
Ресейдің «Листвяжская» шахтасында 10 кенші қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Кузбастағы «Листвяжская» шахтасында апат болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 40-тан астам кенші іздестіріліп жатыр, деп жазды Хабар24.


Жалпы төтенше жағдай кезінде кен орынында 285 жұмысшы болған.

Олардың 237-сі аман-есен сыртқа шығарылған. Қазір шахтада іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Кеншілермен байланыс жоқ. Мамандар жер астында қамалып қалған жұмысшылар, өздігінен жоғары шыға алмауы және қатты түтіннен жапа шегуі мүмкін деп отыр. 

Апатқа байланысты тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Өзгелердің жаңалығы