Бас жаңалықтар
Ресейден рұқсат алу керек. Вице-министр кеме транзиті туралы айтты
05 Қараша 2020, 11:25 373

Ресейден рұқсат алу керек. Вице-министр кеме транзиті туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды. 

Аталған келісім Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер арасында жасалған.

Біріншіден - ішкі су жолдары бойынша кемелердің транзиттік өтуіне рұқсат беру тәртібін жеңілдету. Атап айтқанда, келісімде транзиттік өтуге арналған өтінімді қарау мерзімі – 10 күн және рұқсатты уәкілетті орган РФ Көлік министрлігі болып белгіленеді. Келісімге қатысушы елдердің ішінде кемелердің транзиттік жүзуі тек Ресейдің ішкі су жолдарымен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде транзиттік өтуге рұқсатты Ресей Федерациясының Үкіметі береді және осы рұқсатты алу 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімді қамтиды, - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.

Оның айтуынша, негізінен жүктер Қара теңіз порттарынан қазақстандық Ақтау, Құрық, Баутино, Атырау порттарына Еділ (Волга)-Дон каналы арқылы жеткізіледі.

Ресейдің ішкі су жолдары арқылы тек қазақстандық компаниялардың жеңілдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі болғандықтан қазіргі уақытта Еуразиялық одаққа мүше емес Каспий маңы елдері Әзербайджан, Иран, Түрікменстанның Каспий порттарынан Қара теңіз порттарына жүктерді тасымалдау үшін қазақстандық «Қазақтеңізкөлікфлоты», «OMS shipping» тасымалдаушыларды тартуға дайын екендігін білдіріп отыр,- дейді министр.

Оның айтуынша, Ақтау және Құрық порттарының Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша қабілеттілігі артатын болады. Келісімді қабылдаудың арқасында Ресейдің ішкі су жолдарымен транзиттік тасымал көлемін 2025 жылға қарай шамамен 250-300 мың тоннаға арттыру көздеп отыр.

Сенатор Сүйіндік Алдашевтің айтуынша, Қазақстан «транзиттік хаб» ретінде қалыптасуына үлкен мән береді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау портында жаңа құрғақ жүк терминалдары, Құрық портында көпфункционалды паром кешені салынды. Бізде тек Ақтау портынан ғана емес, сонымен қатар басқа Каспий маңы порттары арасында да жүк тасымалдауға қатысатын жеке сауда флоты бар. Осыған байланысты көрші мемлекеттердің ішкі су жолдарын пайдалану Қазақстанға әлеуметтік және экономикалық жағынан тиімді екені сөзсіз. Бұл біздің кеме қатынасы компанияларымызға әлемдік теңіз кеңістіктеріне еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді,- дейді депутат.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...