Ресейде шахтадағы жарылыстан кеншілердің бәрі қаза болды

26 Қараша 2021, 08:35
2539
Бөлісу:
Ресейде шахтадағы жарылыстан кеншілердің бәрі қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан шахтадағылардың бәрі қаза болған. Өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны алты тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адам болды. 

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, шахтада ешкім аман қалмаған. 52 адам, соның ішінде алты тау-кен құтқарушысы қаза болды, - делінген агенттік хабарламасында. 

Қаза болғандардың көбінің денесі шахтадан әлі шығарылған жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде шахтадағы жарылыстан қаза болған 10 адамның денесі анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Шахтадағы қайғылы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.

Өзгелердің жаңалығы