Ресейдегі мектепте қазақ сыныбы ашылды

20 Қаңтар 2020, 10:11
1919
Бөлісу:
Ресейдегі мектепте қазақ сыныбы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Түмен облысы, Голышманово ауылындағы № 4 мектептің базасында осымен үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды.  

Бұл туралы Түмен облысы қазақтары ұлттық мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраев Facebook-тағы парақшасында жазды.
Сыныптың ашылуы нағыз мереке болды. Арнайы концерт ұйымдастырылды, дастархан жайылды, Голышмановск қалалық округінің басшысы Александр Ледаков қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясын құруды қолдады, - дейді Есенғали Ибраев.
Бірінші сабаққа 40 оқушы келген. Әлі де балаларды жинау жалғасып жатыр. Ауылдардан құлшыныс танытып жатқан оқушылар бар.
Голышман қазақтары ұлттық мәдениет пен дәстүрді бағалайды. Осы жерде көптеген жылдар бұрын Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті.  Бүгінде біздің автономиямыздың жергілікті бөлімшесі Дүйсенбай аға Бекужиновтың басшылығымен ұлттық-мәдени жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Оқушыларға қазақ тілін үйренуде сәттілік пен жақсы бағалар тілеймін. Жоспар бойынша Есіл қаласында тіл сыныбын ашу ойымызда бар, - деп жазды Түмен облысы қазақтарының ұлттық мәдени автономиясының президенті.


Өзгелердің жаңалығы