Ресейде Жамбылға арналған кітап көрмесі ашылды

10 Сәуір 2021, 21:05
4029
Бөлісу:
Ресейде Жамбылға арналған кітап көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ресей Ұлттық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы мен жергілікті «Ата-Мекен» қазақ диаспорасы бірлестігінің ортақ бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ресей Ұлттық кітапханасының басшылығы, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ және басқа диаспоралардың өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрмеге әлемнің бірнеше тілінде жарық көрген Жамбылдың шығармашылығына байланысты 100-ден астам түрлі экспонат қойылды.

Кітапхана басшылығы аталған іс-шараның екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуда үшін маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылардың пікірінше, бұл шара Санкт-Петербург аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы