Бас жаңалықтар
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
13 Сәуiр 2021, 04:21 255

Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ресей Ұлттық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Көрме Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы мен жергілікті «Ата-Мекен» қазақ диаспорасы бірлестігінің ортақ бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ресей Ұлттық кітапханасының басшылығы, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ және басқа диаспоралардың өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрмеге әлемнің бірнеше тілінде жарық көрген Жамбылдың шығармашылығына байланысты 100-ден астам түрлі экспонаттар қойылды.

Кітапхана басшылығы аталған іс-шараның екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту үшін маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, бұл шара Санкт-Петербург аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//