Ресейде Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

28 Тамыз 2021, 16:00
16144
Бөлісу:
Ресейде Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ғимаратының фойесінде Семей ядролық сынақ полигонының (СЯСП) жабылуына 30 жыл толуына арналған фотокөрме ашылды.

Экспозицияда полигондағы ядролық сынақтар, "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының тарихы, Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпау ісіне қосқан үлесі туралы фотосуреттер қойылған.

Көрмеге алғашқылардың бірі болып Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев, РҒА ИМЭМО Орталық Азия секторының меңгерушісі Дина Малышева, ММУ АТО директорының орынбасары Александра Перминова, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Жапония Елшілігінің бірінші хатшысы Ягото Яеи сынды Ресейлік жетекші сарапшылар келді.

Ресейде Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев қонақтарды көрмемен таныстыра отырып, өзінің өмір сүру уақытында СЯСП-да 468 ядролық сынақ жүргізілгенін, ал 1949-1963 жылдар аралығында жасалған жарылыстардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түскенін еске салды. Қазақстандағы атмосфералық және жер асты сынақтарының нәтижесінде 1,3 миллионнан астам адам радиоактивті қалдықтардың әсеріне ұшырады, Семей мен оған іргелес аймақтардағы орасан зор жерлер ластанды.

1989 жылы "Невада-Семей" антиядролық қозғалысы құрылды, ол өзінің мақсаты ретінде Қазақстанда және бүкіл әлем бойынша ядролық қаруды сынауды тоқтату деп жариялады. 1991 жылы 29 тамызда төменнен басталған бастамаға және бұқараның біртұтас серпініне жауап ретінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны  жабылды.

Ресейде Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Осыдан кейін Қазақстан ядролық қарудың таралу қаупін азайтуға ұмтылған және атомды тек бейбіт мақсаттарда пайдалануға шақыратын ең белсенді мемлекеттердің біріне айналды. 2009 жылғы желтоқсанда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып жарияланды. 2012 жылы Қазақстан АТОМ жобасын (Сынақтарды тоқтату – біздің миссиямыз) – ядролық қаруды сынауға қарсы әлемдік қоғамдық пікірді жұмылдыруға бағытталған халықаралық білім беру және насихаттау науқанын іске қосты. 2016 жылдың қазанында "Ядролық қарусыз әлем мен жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының" құрылғаны жарияланды.

Сарапшылар Қазақстанның адамзатты ядролық қарудан азат етуге және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауды күшейтуге бағытталған саясаты халықаралық қоғамдастықтың мойындауына ие болғанын және бұл салада елдің әлемдік көшбасшылығын шоғырландырғанын атап өтті. Олардың айтуынша, Қазақстан басшылығы бұл ұстанымдарды БҰҰ мінберінен, халықаралық форумдардан, сондай-ақ ядролық державалар басшыларымен жеке кездесулер барысында түбегейлі және дәйекті түрде қорғап келеді.



Өзгелердің жаңалығы