Ресейде сауда-экономикалық миссиясы өтеді

1 Наурыз 2019, 11:09
1785
Бөлісу:
Ресейде сауда-экономикалық миссиясы өтеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлерді Челябинск қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады.

Бүгінгі таңда мемлекет қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін сыртқы нарықтарда белсенді түрде дамытуды көздеп отыр. Осыған орай, жоспарлы түрде көршілес елдермен сауда қатынасын жыл сайын арттырып келеді.

«Қазақстан экспортының айтарлықтай үлкен үлесін бүгінде Ресей нарығы құрап отыр. Басты себеп, екі елдің арадағы достық қатынасынан бөлек, географиялық орналасуы мен тұтынушылар талғамының сәйкестігі. Сонымен қатар, екі елдің кедендік одақ аясындағы көптеген жеңілдетілген процедуралары да үлесін тигізуде» - дейді миссияны ұйымдастырушылар.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясындағы экспорттаушылар саны 1232 компанияны құраса, Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп тіркелген кәсіпорындар саны - 14 мыңға жуық.

Сонымен қатар, Ресей мемлекеті Қазақстандағы тауар айналымының алдыңғы орынында (15 988.1 миллион АҚШ доллары) тұр.

Осыған орай, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлерді Челябинск қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады.

«Шара биылғы жылдың 27-28 наурызына жоспарланып отыр. Мұндай сауда-саттық миссиясы екі ел арасында осымен екінші рет өткізілгелі отыр. Бұл – екі ел арасындағы ынтымақтастық пен нығайған іскерлік қатынастың бірден бір дәлелі» - дейді сала мамандары.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тікелей қарым-қатынастарды реттеу, қазақстандық кәсіпорындар мен ықтимал сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыру және екіжақты кездесулер өткізу.

Қатысу үшін келесі тіркеу формасын толтыру қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша: +7(7172) 279 054 (ішкі номер 201) Абдрахманов Абай, e-mail: ab.abdrakhmanov@atameken.kz

Өзгелердің жаңалығы