Ресейде КВИ-дің өршуіне байланысты бір апталық демалыс жарияланды

21 Қазан 2021, 20:58
11844
Бөлісу:
Ресейде КВИ-дің өршуіне байланысты бір апталық демалыс жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус аурушаңдығынан болатын өлім-жітімнің күрт өсуіне байланысты жұмыс істемейтін апта жарияланды.

Күніне өлім-жітім 1000 жағдайдан асады. COVID-19 құрбандарының жалпы саны 225 325 адамға жетті. Ресейліктер 30 қазаннан 07 қарашаға дейін демалады. Бұл ретте жалақы сақталады. 

Бірақ Мәскеу мэрі вакцинацияланбағандар үшін «үй режимін» енгізу туралы шешім қабылдады. 60 жастан асқан мәскеуліктер, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратындар осы жылдың 25 қазанынан 2022 жылдың 25 ақпанына дейін үйде болуы керек. Бұл талап соңғы алты айда коронавируспен ауырғандарға, қарт адамдарға және вакцина алғандарға қатысы жоқ.

Ал ДДҰ коронавирусқа қарсы күрес аясында кедей елдерге көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеуде. Олар вакциналар, тесттер және препараттарды қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге қатысты. Үшінші елдерге SARS-CoV-2 үшін 1 миллиард тест, сондай-ақ аурудың жеңіл ағымы бар адамдарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жеткізу жобасы әзірленді. 

Құжат G20 елдерінің басшыларына қазан айының соңында Римдегі саммит қарсаңында ұсынылуы тиіс. ДДҰ G20 және басқа донорлардан 2022 жылдың қыркүйегіне қарай 22,8 млрд доллар көлемінде қосымша қаражат бөлуді сұрамақ деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы