Ресейде Фархат Шәріповтің көркем фильмі прокатқа шығады

24 Маусым 2019, 11:35
1577
Бөлісу:
Ресейде Фархат Шәріповтің  көркем фильмі прокатқа шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 4 шілдесінен бастап Ресейде  режиссер Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі прокатқа жіберіледі. Бұл туралы  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей Федерациясы аумағында фильм дистрибьюторы - «RFG Distribution» ресейлік компаниясы болып табылады. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ түсірген. Фильм сценарийі Данияр Сүгіралиновтың «Кирпичи 2.0» романы желісінде жазылған.

«Тұлғалық өсу тренингі»/фильмі ресейлік киножұртшылыққа таныс: 2019 жылдың сәуірінде қазақ кинематография тарихында тұңғыш рет 41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде Гран-приге ие болды.  «Үздік фильм» номинациясындағы «Алтын Георгийді» Шәріповке  халықаралық қазылар алқасының төрағасы – танымал корейлік режиссер Ким Ки Дук табыстады.

«Ресейлік көрермендер біздің картинаны тамашалайтындарына   қуаныштымын. Көрермендер картинаны жылы қабылдайтындарына сенемін», -  деді Фархат Шәріпов.

Қырық жасқа келген, орта жас күйзелісін кешіп жүрген банк қызметкері, көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін тұлғалық өсу тренингіне келген  Қанаттың оқиғасы   ресейлік киносыншыларға ұнады.
Өзгелердің жаңалығы