Бас жаңалықтар
Ресейде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталды
18 Қаңтар 2021, 09:30 171

Ресейде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ең алдымен тәуекел топтарындағы адамдар коронавирусқа қарсы вакцинацияланады, олар - дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратын азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар. 

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 18 қаңтарда басталды. Елде екі вакцина ресми тіркелген - «Спутник V» және «ЭпиВакКорон». 

Иммунобиологиялық препараттар бойынша Чумаков атындағы Федералды ғылыми-зерттеу орталығында тағы бір коронавирустық вакцина жасалуда. Бұл тұтас вирионды вакцина, ол SARS-CoV-2 коронавирусына негізделген, оның жұқпалы қасиеттерінен айрылған, бірақ сонымен бірге иммундық реакцияны тудыруы мүмкін. Вакцинаны тіркеу 2021 жылдың ақпанында болады деп күтілуде. 

Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко бұған дейін вакцинаның 1,6 миллионнан астам дозасы азаматтық айналымға енгенін хабарлаған. 

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинация ақысыз және ерікті түрде жасалады деп хабарланды.


Фото: дереккөз
Загрузка...