Бас жаңалықтар
Ресейде қазақстандық ірімшік қауіпті деп танылды
28 Ақпан 2019, 16:13 174

Ресейде қазақстандық ірімшік қауіпті деп танылды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық ірімшіктің ірі партиясы Ресейде әлеуетті қауіпті деп танылды. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады. 

"23-27 ақпан аралығында Орынбор облысының Ресей ауыл шаруашылық қадағалау басқармасы Ресей ФҚҚ ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, Ақбұлақ ауданындағы "Сагарчин-автожол" БӨО мен Первомай ауданындағы "Маштаково" ҚБО аумағында Ресей аумағына әлеуетті қауіпті ірімшікті алып кіру әрекетінің жолын бөгеді", - деп жазылған қадағалау басқармасының хабарламасында. 

Ресейлік ведомствода атап өткендей, ветеринарлық бақылау жүргізу барысында "Король Артур" ірімшігі Қазақстаннан Мәскеуге автомобильдік көлікпен тасымалданған. 

"8,5 тоннадан астам бұл өнімнің құрамы эпизоотикалық қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық сертификаты жоқ. Қызмет 8,5 тонна ірімшікті Қазақстанға қайтару туралы шешім қабылдады. Жүк тасымалдаушылар РФ ӘҚК 10.8-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді басқармада.

Сізден жаңалық