Ресейде 13 мың гектар орман өртеніп жатыр

27 Мамыр 2020, 05:20
2430
Бөлісу:
Ресейде 13 мың гектар орман өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясында 26 мамыр күні 64 орман өрті тіркелген. Елдегі экология және табиғи ресурстар министрі Дмитрий Кобылкиннің айтуынша, тілсіз жау шарпыған аумақтың жалпы көлемі 13 мың гектарға жеткен. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда ел аймағындағы 64 орманды өрт шалған. Қызыл жалынның жалпы аумағы 13 мың гектардан асады, - деп мәлім етті министр.
Сондай-ақ ол Ресейдің төрт субъектісінде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгенін айтты.
Байқалда толығымен, Тыва, Хакасия және Иркутск облысында бір-бір муниципалды құрылымда төтенше жағдай жарияланған, - деп атап өтті Дмитрий Кобылкин.
Өзгелердің жаңалығы