Ресей Қазақстанға атышулы қылмыстық топ серкесін тапсырды

11 Тамыз 2020, 03:05
13209
Бөлісу:
Ресей Қазақстанға атышулы қылмыстық топ серкесін тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинді берді.

Ресей Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету); 286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы); 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжатты қолдан жасау) бойынша айыпталған.

Нақты айтқанда, Стас Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. Содан оған 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Қылмыстық топ серкесі 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск облысында ұсталды. Ал Қазақстанға арнаулы конвоймен таяуда ғана жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы