Ресей оқушыларды екі аптаға каникулға жібермекші

29 Қыркүйек 2020, 20:35
1393
Бөлісу:
Ресей оқушыларды екі аптаға каникулға жібермекші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ Денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарға арналған ауруханалардағы орынның 90%-ы қазірдің өзінде бос емес деп мәлімдеді. 

Қазір мұнда коронавирустық инфекция жұқтырушылар саны күрт артқан, ал Мәскеу қаласы әкімдігі оқушыларды 5 қазаннан 18 қазанға дейін шұғыл каникулға жібергелі жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Би-би-си-дің хабарлауынша, бір тәулік ішінде жедел штабта коронавирустық инфекцияның 8 232 жаңа жағдайы тіркелді, бұл - 16 маусымнан бастап ауруды жұқтырудың максималды шегі. Жаңа жағдайлардың саны 17-ші күн қатарынан өсіп жатыр.

Ал Мәскеу мектептерінде оқушылардың І-тоқсанды аяқтағандағы күзгі демалыс бір аптадан екі аптаға ұзартылды.

Санитарлық дәрігерлердің ұсынысы бойынша, суық тиюдің және КВИ аурулардың көбеюін ескере отырып, оқушылардың күзгі демалысы ұзақтығын екі аптаға дейін созып, барлық мектептер бір мезгілде, яғни 5-18 қазан аралығында демалсын деп шешілді, - делінген Ресей астанасы әкімінің сайтында.

Өзгелердің жаңалығы