Бас жаңалықтар
Ресей балаларға арналған вакцинаны сынақтан өткізеді
25 Маусым 2021, 17:08 3028

Ресей балаларға арналған вакцинаны сынақтан өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-17 жас аралығындағы шамамен 300 бала мен жасөспірім коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының клиникалық зерттеулеріне қатысады, деп жазды Хабар24.

Және әр жасқа арналған препараттың белгілі бір концентрациясы таңдалады, Бұл туралы Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург айтты. 

Балаларға жасалатын зерттеулердің ересектерге жасалған клиникалық зерттеулерден ешқандай ерекшелігі жоқ, тек бұл жағдайда «Спутник V» вакцинасының концентрациясы әр жасқа әртүрлі белгіленеді. Вакцинаның қалай жұмыс істейтінін бақылаймыз. Жанама әсерлері аз болады деп ойламын. Егер араластырылған доза тиімді болса, осымен тоқтаймыз. Зерттеулерге 12-17 жас аралығындағы 350 бала қатысады деп жоспарлап отырмыз, - деді ғалым. 

Гинцбергтің айтуынша, препараттың тіркелуі шамамен 20 қыркүйекке жоспарланып отыр. 

«Спутник V» вакцинасының дозасы, алайда тіркеу куәлігі басқаша болады», - деп түсіндірді ол. 

Бұдан ерте Гамелея атындағы орталықтың басшысы ғалымдардың Денсаулық сақтау министрлігіне балалар мен жасөспірімдерге зерттеу жасауға рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын хабарлаған. Мәскеу қаласы мэрінің әлеуметтік даму мәселелері бойынша орынбасары Анастасия Ракованың мәліметінше, жасөспірімдер арасында «Спутник V» вакцинасын сынау шілде айының басында басталмақ.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...