Бас жаңалықтар
Ресей азаматы Әзербайжанға коронавирус "жеткізді"
29 Ақпан 2020, 01:22 246

Ресей азаматы Әзербайжанға коронавирус "жеткізді"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ираннан Әзербайжанға келген ресейліктен коронавирус анықталды. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлады.

Бұл – Әзербайжандағы коронавирус анықталған алғашқы жағдай. Ресейлік туристі арнайы режимдегі инфекциялық блокқа жатқызды. Жағдайы тұрақты.

Бұл – ресейліктер арасында коронавирус жұқтырған төртінші жағдай.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...