Ресей азаматы Қазақстан шекарасынан үш өзбекстандықты заңсыз алып өтпек болған

5 Наурыз 2019, 11:43
1339
Бөлісу:
Ресей азаматы Қазақстан шекарасынан үш өзбекстандықты заңсыз алып өтпек болған

Астана, BAQ.KZ - Қазақстандық шекарашылар ресейлік азаматтың автокөлігінен Өзбекстанның үш азаматы тығылған жасырын орынды анықтады. Бұл жөнінде ҚР шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 


"5 наурызда 02:00 шамасында Орал шекара жасағының ЖПБ жасағы құрамы Ташкент - Самара бағыты бойынша қозғалған кезекті автокөлік құралын тексеру барысында сыртқы және ішкі өлшемдердің сәйкессіздігін, сондай-ақ кузов ішінде жаңа қаптама пайда болғанын байқаған", - деп жазылған хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, шекара жасағының аға қызметкері арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы автокөлікті тереңдете тексеру туралы шешім қабылдайды. 

"Тексеру барысында кузовтың алдыңғы бөлігінде қосымша тіреу болғаны және оны ашқан кезде, ішінде Өзбекстанның үш азаматы тығылған жасырын орын анықталды. Себеп - Ресей Федерациясы аумағына кіруге шектеу болуы" - деп жазылған баспасөз хабарламасында. 

Сонымен қатар, ұсталған азаматтар көлік жүргізушісімен бірге Байтерек ауданы АІІБ қызметкерлеріне тапсырылды.
Өзгелердің жаңалығы