Ресей азаматтары мінген туристік автобус Италияда апатқа ұшырады

22 Мамыр 2019, 18:47
1950
Бөлісу:
Ресей азаматтары мінген туристік автобус Италияда апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сиена провинциясында 60 жолаушысы бар автобус аударылды. Көлікте саяхаттап барған ресейлік азаматтар болған. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Жергілікті полицейлердің мәліметінше, автобустың ішінде 60 адам болған. Болжам бойынша олар Ресей азаматтары.

«Елшілікке Италияның Азаматтарды қорғау департаментінен болжам бойынша бортында Ресей азаматтары мінген туристік автобустың аударылғаны туралы ақпарат келіп түсті», - делінген хабарламада.

Ресейлік дипломаттар жол-көлік оқиғасы кезінде 1 адам қаза тауып, 10 адамның зардап шеккені туралы хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы