Ресей қалаларында қазақстандық ЖОО-лар көрмесі өтіп жатыр

15 Сәуір 2019, 17:08
2374
Бөлісу:
Ресей қалаларында қазақстандық ЖОО-лар көрмесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шараға Қазақстаннан 14 жоғары оқу орны қатысады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту мақсатында алғаш рет 15-24 сәуір аралығында Астрахань (15.04), Волгоград (16.04), Саратов (17.04), Самара (18.04), Оренбург (19.04), Орск (20.04), Челябинск (22.04) және Омск (24.04) қалаларында «Қазақстандық жоғары оқу орындарын таныстыру» көрмесін өткізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Аталмыш іс-шара ресейлік оқу орындарымен тәжірибе алмасу үшін бірегей алаң болып саналады, сондай-ақ ресей жастарын Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктерімен таныстырады.

Көшпелі таныстырылым Қазақстан Республикасының Елшілігі, РФ Білім және ғылым министрлігі және РФ Ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 23 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда. Ал, 2021 жылы бұл көрсеткіш санын 50 мыңға жеткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы