Бас жаңалықтар
Ресей Facebook пен Twitter-ді сотқа берді
22 Қаңтар 2019, 13:36 1318

Ресей Facebook пен Twitter-ді сотқа берді

Астана, BAQ.KZ. Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникацияны бақылау жөніндегі федералдық қызметі Facebook пен Twitter-ге қарсы әкімшілік іс қозғады. Себебі, аталған әлеуметтік желілер ресейліктердің жеке мәліметтерін қалай сақтайтыны туралы ақпарат бермеген.

Роскомнадзор өкілінің айтуынша, америкалық компаниялар олардың сауалдарына "жалпылама жауап" берген. Жауап хатта Ресей заңдарын қазір қалай орындап жатқаны, болашақта қашан және қалай орындайтыны туралы мәлімет берілмеген.

Роскомнадзордың баспасөз қызметі "Медуза" басылымына Facebook пен Twitter-дің үстінен ақпарат бермеу туралы бап бойынша іс қозғалғанын растады. Бұған дейін мекеме жеке мәліметтерді сақтау туралы мемлекеттік органдарға ақпарат бермегендерге бес мың рубльге дейін айыппұл салынатынын ескерткен.

Сізден жаңалық