Вахтада жұмыс істейтіндерді тасымалдайтын ұшақ құлады

20 Ақпан 2020, 10:01
1962
Бөлісу:
Вахтада жұмыс істейтіндерді тасымалдайтын ұшақ құлады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Магадан қаласында вахтада жұмыс істейтіндерді таситын Ан-2 ұшағы 10 метр биіктікке көтеріліп барып, ұшу жолағынан шығып кетіп құлаған. Ұшақтың фюзеляжі мен қанаттары зақымдалды.

Бұл туралы РИА Новости РФ ТК Қиыр шығыстың көліктегі тергеу басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ан-2 жекеменшік ұшағы алтын өндірумен айналысатын "Т-Цемент" компания тиесілі. Магаданнан ұшпақ болған ол апатты жағдайда қайта қонған. Әуе кемесінің ішінде 14 адам болған. Олар өз бетімен борттан түсіп үлгерген. 

photo5364330723420515502.jpg

Жергілікті ТЖМ хабарлауынша, 7 адам зардап шекті. Бортта болған адамдардың бәрі ауруханада тексеруге жіберілді. Бір адам ауыр жағдайда жатыр. Тергеушілер тексерісті бастап кетті. Олар оқыс оқиғаның екі себепті болуы мүмкін екенін айтты: әуе кемесінің техникалық ақауы және ұшу ережелерінің сақталмауы.

Ұшақ чартерлік рейспен ұшып бара жатқан. Ол вахтада жұмыс істейтін жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізуі тиіс болатын. 


Өзгелердің жаңалығы