Бас жаңалықтар
Ректорлар бәсекеге қабілетті болу керек – депутат
26 Сәуiр 2019, 13:07 446

Ректорлар бәсекеге қабілетті болу керек – депутат

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әр университет бәсекеге қабілеттілігін арттырып, көшке ілеспесе ертең ол өздігінен жойылып кетеді. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова Алматыда өткен Nur Otan партиясы сайлау бағдарламасының "Білім" бағыты бойынша коммиссия отырысында айтты. 

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігі туралы заң Елбасының "100 нақты қадамының" 78-ші қадамының орындалысы. 

"Қазіргі заман бәсекенің заманы. Енді оқу орындары мемлекетке қарап отырмау керек, оларды өз күнін өзі көретін дәрежеге жеткізу қажет. Яғни, бәсекеге қабілеттілігін таныту. Бүгінгі таңда елімізде 125-ке жуық ЖОО бар. Негізгі мақсат соларды коммерциялық емес ұйымдарға айналдыру. Қазір 5 университет осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Әрине, заңның қолданысқа енуіне уақыт керек", - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол сол оқу орындарын басқарып отырған ректорлардың бәсекеге қабілеттілігі де маңызға ие екендігін айтты. 

"Бұл заң басқа да табыс көзін табуға жағдай жасайды. Яғни, көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Сондықтан басшылардың осыны игеріп әкететін жылдамдығы мен нәтижелігі керек. Елбасының "қазір бой емес, ой жарыстыратын кез" деген сөзі бар. Сондықтан әр университет бәсекеге қабілеттілігін арттырып, көшке ілеспесе, ертең ол өздігінен жойылып кетеді", - дейді депутат.

Бұған дейін Алматыда ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселесі қаралғанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық