Отандық спортшы рекорд орнатып, Универсиада - 2019 финалына өтті

10 Шілде 2019, 09:06
1656
Бөлісу:
Отандық спортшы рекорд орнатып, Универсиада - 2019 финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неапольда жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындары жалғасуда. 50 метрге брасс әдісімен жарысудан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. 

Қазақстандық Аделаида Пчелинцева өз тобында үшінші орын алса, жалпы есепте бесінші орынмен финалға өтті. 

Ол аталған қашықтықты 31.33 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты.  

Әзірге бразилиялық Дженифер Алвес көш бастап тұр. Финал бүгінге жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы