Бас жаңалықтар
Рекорд: Әлемде бір тәулікте 412 мың адамнан COVID-19 анықталды
17 Қазан 2020, 12:32 96

Рекорд: Әлемде бір тәулікте 412 мың адамнан COVID-19 анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Дүние жүзінде осымен үшінші күн қатарынан COVID-19 жұқтырғандар санының рекорды өзгеріп отыр. 

Worldometer сайтының мәліметінше, 16 қазанда 412 609 адамнан қауіпті індет анықталған. Оның ішінде 153 мың науқас Еуропа елдеріне тиесілі. 

Көш бастап тұрған елдер қатарында Франция, Ұлыбритания, Ресей, Украина бар.

Осы күнге дейін әлем бойынша 39,5 млн адам коронавирус жұқтырған. Ауруды жеңіл өткеріп, жазылып шыққан адамдар саны 29,6 млн. Сондай-ақ 1,1 млн науқас осы індеттен көз жұмған.

Айта кетсек, бір күн бұрын әлемде вирус жұқтырғандар саны 400 мың шамасында екені айтылған, оның алдында 381 мың адам жұқтырғаны белгілі болған еді. Бұдан вирус жұқтыру көрсеткіші артпаса кемімей отырғанын көруге болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...