Регбиден Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу жарысына аттанды

14 Маусым 2021, 23:15
1731
Бөлісу:
Регбиден Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу жарысына аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу сынына қатысу үшін Монакоға аттанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Аталған маңызды жарыс 19-20 маусым аралығында Монако жерінде өтеді. Қазақстан құрама командасынан алаңға Диана Абишева, Нигора Нурматова, Дарья Ткачева, Людмила Шерер, Алина Әскерова, Балжан Қойшыбаева, Құндызай Бақтыбаева, Влада Однолеток, Дайана Қазыбекова, Вероника Степанюга, Мария Гришина және Галина Красавина шығады. 

Айта кетерлігі, Олимпиадаға іріктеу сынында Қазақстан В тобына түскен. Бұл топта ел құрамасы Жаңа Гвинея, Ямайка және Тунис елдерімен ойнайды. 

Өзгелердің жаңалығы