Регби: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастады

6 Қараша 2021, 15:03
894
Бөлісу:
Регби: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықты бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Регбиден әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты 17-21 қараша күндері Дубайда өтеді.

Ташкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны 14 қарашаға дейін жалғасады.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының топтық кезеңінде Жапония, Филиппин және Тайланд елдеріне қарсы ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы