Референдумға қатысу құқығын SMS арқылы білуге болады
6 Мамыр, 16:54 704

Референдумға қатысу құқығын SMS арқылы білуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық референдум комиссиясының екінші отырысында SMS-хабарламаның көмегімен референдумға қатысуға құқығы бар-жоғын білуге болатыны айтылды.

Орталық референдум комиссиясы цифрландыру саласындағы өкілетті органмен бірлесіп, SMS-хабарлама тарату мәселесін пысықтауда. Осы SMS-хабарламаның көмегімен референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен өзін тексеру мүмкіндігі ұсынылады, – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.  

Бірақ бұл туралы толық ақпарат комиссияның келесі отырыстарында хабарланатынын айтты.

Айта кету керек, 2022 жылы 5 маусымда жоспарланған референдумды өткізу ашық әрі жариялы түрде болады деп жоспарланды. 

Орталық референдум комиссиясының тапсырысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында алдағы республикалық референдум туралы бірқатар материалдар дайындау жоспарлануда. Бұл материалдар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады. Учаскелік комиссиялар дауыс беру уақыты және оның орны туралы азаматтарға хабарлап отыруы тиіс, – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.  

Ол сондай-ақ бұл жұмыстардың 2022 жылдың 25 мамырынан басталатынын және дауыс беруге арналған үй-жайларда, көрінетін жерлерде ақпараттық материалдар орналастырылатынын айтты.  


Фото: дереккөз
Загрузка...