Референдумды қоғамдық қолдау Республикалық штабы құрылды
6 Мамыр, 15:59 510

Референдумды қоғамдық қолдау Республикалық штабы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада үкіметтік емес ұйымдардың, ардагерлер қоғамдастығының, түрлі қауымдастықтар мен саяси партиялардың белсенді өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Қатысушылар конституциялық түзетулерге және Президенттің бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

Азаматтық белсенділер өз сөздерінде Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының құрылғанын жариялады.

Штабтың үйлестірушісі болып Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық бірлестігі белгіленді. Оның жетекшісі болып – Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев айқындалды.

Ұсынылған конституциялық реформалардың қабылдануымен елдегі саяси плюрализм мен бәсекеге қабілетті демократиялық ортаны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатынына сенімді білдірді. Осыған байланысты Республикалық штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруді ұйымдастырумен айналысады, - деді штаб жетекшісі.

Жұмыс еліміздің барлық өңіріндегі әртүрлі атаулы топтармен жүргізіледі.

Бұл үшін Республикалық штабқа кірген ұйымдардың желілік құрылымын ескере отырып, оның өкілдіктері барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді, - деп түсіндірді Төлеубек Мұқашев.


Фото: дереккөз
Загрузка...