Референдум - Жаңа Қазақстанның қайнар көзі
4 Мамыр, 20:48 498

Референдум - Жаңа Қазақстанның қайнар көзі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституциялық Кеңеске жаңа Конституция жобасынан бірінші Президенттің тарихи ролі  жөніндегі бапты алып тастау жөнінде ұсыныс енгізген. 

 Конституциялық Кеңес бұл уәжбен келісті. Жаңа Конституцияның жобасынан бірінші Президенттің тарихи ролі жөніндегі  бап алынып тасталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  халықтың талабын ескеріп отыр, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Берік Әбдіғалиұлы.

Қариннің жасаған мәлімдемесіне Ерлан Сайыров та пікір білдірді. 

Құрметті достар, мемлекеттік хатшы Ерлан Тынымбайұлы Карин жаңа ғана мәлімдеме жасады. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституциялық Кеңеске жаңа Конституция жобасынан 91-ші «Бірінші Президенттің тарихи ролі жөніндегі» бапты алып тастау жөнінде ұсыныс енгізген. Конституциялық Кеңес бұл уәжбен келісті, - деп жазды ол.

Жаңа Конституцияның жобасынан «Бірінші Президенттің тарихи ролі жөніндегі» 91-бап алынып тасталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың талап-тілектерін толыққанды ескеріп отыр. Қ. Тоқаевтың курсы түбегейлі саяси реформация! Жаңа Конституция азаматтардың басым көпшілігі діттегендей демократия, адам, құқық, мораль тәрізді құндылықтар тізбесінен тұрады. Демократия, халықпен ақылдасу дегеніміз осы. Референдум Жаңа Қазақстанның қайнар көзі! Қазақстан Жасасын, - деп жазды Сайыров.


Фото: дереккөз
Загрузка...