Референдум. Қандай бюллетеньдер дауыс беру кезінде есепке алынбайды?
4 Мамыр, 12:21 454

Референдум. Қандай бюллетеньдер дауыс беру кезінде есепке алынбайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі депутаты Берік Бекжанов қандай бюллетеньдер дауыс беру кезінде есепке алынбайтынын айтты.

Депутаттың сөзінше, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын біріздендіру мақсатында әзірленді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясы отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл орынды ұсыныс, қоғам өмірінің неғұрлым маңызды мәселелеріне қатысты шешімдерді бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешу – халық билігінің әділетті қоғам құруының айрықша көрінісі, - дейді Берік Бекжанов.

Мәжіліс депутаты атап өткендей, заң жобасымен референдумға қойылған мәселелерді қамтитын бюллетендердегі бір де бір жауап белгіленбеген нұсқаларын жарамсыз деп тану және ұсынылған жауаптардың барлық нұсқасы белгіленген бюллетеньдерді жарамды деп тану нормалары енгізіледі. Алайда бұндай бюллетендер дауыс беру кезінде есепке алынбайды.

Сонымен қатар дауыс берушінің бюллетеньде кез келген белгі қою арқылы дауыс беру еркі нақтыланады. Бұл норма дауыс беру рәсімін жүзеге асыру процесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды, - деп түсіндірді депутат Берік Бекжанов.

Заң жобасын қабылдау теріс және өзге де келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды және бюджет шығыстарын талап етпейді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...