Референдум өткізілуіне байланысты бас санитар дәрігердің қаулысы шығады

6 Мамыр 2022, 16:23
1535
Бөлісу:
Референдум өткізілуіне байланысты бас санитар дәрігердің қаулысы шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Эпидемиологиялық ахуал қолайлы болған жағдайда да үгіт-насихат кезінде қауіпсіздік шаралары сақталуы керек. 

Референдум өткізілуіне байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігердің КВИ-дың алдын алу шаралары туралы жеке қаулысы шығады. Бұл елдегі және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитініне байланысты болады.

Егер эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, қосымша карантин шаралары енгізіледі, яғни вакцина немесе ревакцина алған аумақтық референдум комиссиясы мүшелері ғана сайлау учаскелеріне жіберіледі. Эпиджағдайдың асқынуы кезіндегі тағы бір қосымша шара – учаскеде Ashyq жобасын міндетті түрде пайдалану. Инфекция жұқтырған адамдар учаскелерге кіргізілмейді, - дейді Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы