Референдум. Анонимді үгіт-насихат жүргізгендер жазаланады - Бас прокуратура

6 Мамыр 2022, 13:15
1534
Бөлісу:
Референдум. Анонимді үгіт-насихат жүргізгендер жазаланады - Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында Бас прокуратурдың орынбасары Болат Дембаев мәлімдеді.

Бас прокуратурдың орынбасары Болат Дембаев үгіт-насихат жұмыстары президенттікке немесе депутаттыққа кандидаттар тіркелгеннен кейін басталатын сайлаудан айырмашылығы, референдум кезінде үгіт-насихат жұмыстары күн белгіленгеннен кейін бірден жүргізілуі мүмкін екенін айтты.  

Анонимді үгіт-насихат материалдарын таратқаны үшін ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, онда 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен бірге конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығына нұқсан келтіруге, мемлекеттің қауіпсіздігіне, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және тектік артықшылыққа нұқсан келтіруге, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол берілмейді, - деді ол.

Сөзінше, мұндай әрекеттер әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру, сондай-ақ билікті күштеп басып алуға немесе билікті күштеп ұстауға үгіт-насихат жүргізгені және жария түрде шақырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Өзгелердің жаңалығы