Бас жаңалықтар
Көктем шуағы. Мерекелік дастарқан
08 Наурыз 2019, 14:40 1680

Көктем шуағы. Мерекелік дастарқан

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Асыға күткен көктем де, көктемнің алғашқы айындағы жүрекке жылу сыйлайтын мейрамдардың бірі - халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Ер адамдар аяулы ана, асыл жар, әпке-қарындастары мен әріптестерін құттықтап, сыйлықтарын беруде. Астана қаласының тұрғыны Нарзулла Ураков мейрам күні нәзік жандыларды құттықтап, мерекелік ас әзірледі. «Бұл күні ер адамның тамақ әзірлеуі – қалтаға салмақ салмайтын, әрі шын жүректен жасалатын, отбасы мүшелерінің көңілдеріне қуаныш ұялататын сыйлық» дейді ол.

Асыға күткен көктем де, көктемнің алғашқы айындағы жүрекке жылу сыйлайтын мейрамдардың бірі - халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Ер адамдар аяулы ана, асыл жар, әпке-қарындастары мен әріптестерін құттықтап, сыйлықтарын беруде. Астана қаласының тұрғыны Нарзулла Ураков мейрам күні нәзік жандыларды құттықтап, мерекелік ас әзірледі. «Бұл күні ер адамның тамақ әзірлеуі – қалтаға салмақ салмайтын, әрі шын жүректен жасалатын, отбасы мүшелерінің көңілдеріне қуаныш ұялататын сыйлық» дейді ол.

BAQ.KZ: Бүгін мерекеге орай қандай тағам әзірлейсіз?

Нарзулла Ураков: Бүгін сазан балығын тоқпешке пісіремін. Қайсыбір жылдары анама ота жасалып, біраз уақыт диеталық тамақ жеуіне тура келді. Сол кезде анама дәл осы тамақты жасап бергенмін. Ерекше дәмді болып, анамның көңілінен шығып, тәуір болғанша осы тамақ түрін дайындап беріп жүрдім. Бүгін осы тамақпен әйелім мен балаларымды қуантпақпын.

BAQ.KZ: Тамақты қаншалықты жиі жасайсыз?

- Өзім мейрамханаларда аспаз көмекшісі болған тәжірибем бар. Ол кезде мен көп нәрсе үйрендім. Тамақты қалай істесе дәмді болатынын, қай затты қаша мөлшерде қосу керектігін де мейрамханада үйрендім. Аптасына бір рет болсын үйде тамақ жасаймын. Әйелім қазіргі уақытта декреттік демалыста. Үш баламыз бар. Күні-түні үйде отырып, балаларды тәрбиелеу әйел үшін оңай шаруа емес. Сол себепті демалыс күндері оларды серуендеуге жіберіп, үйге келгенше дәмді тамақ жасап қоямын.

BAQ.KZ: Туыс, достарыңыз да Сіздің қолыңыздан дәм татқан шығар?

- Әрине. Кейбір достарым «Ас үй – ер адам жүруі керек жер емес» деп күледі. Осы ой қайдан шыққанын түсінбеймін. Отбасың – бақытың. Уақытың болған кезде дәмді ас әзірлеп, отбасы мүшелерін қуантып қойғанның несі айып? Әсіресе осындай мерекеде ас әзірлеп қоюдың еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Құдайға шүкір, қазір қолға қару алып соғысып немесе аң аулап күн көріп жүрген заман емес. Бойыңдағы күш-қуатты қайда жұмсасаң да өз еркің. Өз басым тамақ жасаған кезде миым тынығып, демалып қаламын.

BAQ.KZ: Сіз жиі әзірлейтін тағам түрлері қандай?

- Мейрамханада аспаз көмекшісі болған кезде пиццаның түр-түрін жасап үйрендім. Үйге келіп, әйеліме де жасау жолдарын үйреттім. Палауды, қуырдақты жақсы дайындаймын. Үйге қонақ шақырғанда олар алдын ала хабарласып, қандай тамақ жасап қойсақ жақсы болатынын айтып, «тапсырыс» беріп қояды. Сөйтіп риза болып қайтады.

BAQ.KZ: Тамақ жасаған кезде ұстанатын қағидаларыңыз бар ма?

  - Ең алдымен қолымды жуып, «Бісмілләмді» айтып, тамақ жасауға кірісем. Тамақ жасаған кезде көңілге кірбің түсіретін нәрселерді ойламаймын. Әдемі әуен қосып, тамақты шын жүректен, бар махаббатыммен жасаймын. Сонда ғана дайындалған ас көңілден шығады.

BAQ.KZ: Бүгін сазанды тоқпешке пісіру үшін қандай заттар керек?

- Бізге керегі: сазан, 1 келі картоп, 2 сәбіз, 2 пияз, майонез, тұз, лимон және дәмдеуіш.

BAQ.KZ: Сұқбатыңыз үшін рақмет!

Тамақтың қалай әзірленетінін видеоматериалымыздан көріңіздер:


Зарина Қаһарман

Видеооператор: Кенжетай Ақсейт

Загрузка...