Кореяның қолдауымен отандық ЖОО базасында реабилитология кафедрасы ашылады

23 Сәуір 2019, 11:20
2039
Бөлісу:
Кореяның қолдауымен отандық ЖОО базасында реабилитология кафедрасы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрі Пак Нын Хумен екіжақты кездесуде айтылды, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі. 

Жүздесу Корея Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, министрлер денсаулық сақтау саласындағы қазақ-корей қарым-қатынасы, Кореядан IT- технологияны үйрену, медициналық сақтандыру, медициналық туризм мен білім беруді дамыту мәселесін талқылады.

Бұдан бөлек, Кореядағы беделді мемлекеттік медициналық мекемелерде отандық дәрігерлерді дайындықтан өткізу, мамандардың біліктілігін арттыру жоспарланған. Кардиология, онкология, жедел медициналық көмек, репродуктивтік медицина және тағы басқа салада тәжірибе алмасу көзделген.

"Бүгін қол қойылған Қазақстан-Корея арасындағы арнайы бағдарлама екі елдің денсаулық сақтау саласындағы қарым-қатынастың күшейе түскенін көрсетеді", - деді Елжан Біртанов.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты, Корея мен Қазақстанның Ұлттық онкологиялық орталығы арасында, реабилитация кафедрасын ашу, медициналық ғылым мен білімге, медициналық ақпараттық технологияға қатысты да меморандумға қол қойылды.

Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрі Пак Нын Ху Қазақстанның денсаулық сақтау саласының электрондық ақпараттық технологияға көшуін жоғары бағалап, екі елдің бұл бағыттағы байланысының болашағы зор деді.

Пан Нын Худың айтуынша, Қазақстан мен Кореяның денсаулық сақтау саласында онкологиялық көмекті дамыту, азаматтарды жаппай скринингіден өткізу сынды ұқсас, ортақ шаралар көп.

Кездесу соңында Елжан Біртанов Қазақстан Корея ұсынған инвестициялық жобаларға қатысты қарастыруға, денсаулық сақтау жүйесін модернизациялауға бағытталған озық технологияларды үйренуге, тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.



Өзгелердің жаңалығы