Әрбір отбасының өз жеңіс тарихы бар

25 Қыркүйек 2020, 22:16
1537
Бөлісу:
Әрбір отбасының өз жеңіс тарихы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.

Бқл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме Шымкент гарнизонынан өз жолын бастады. Әскери қызметшілер бірегей экспонаттармен: Жеңіс туының көшірмесімен, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың жеке заттарымен және тағы басқа тарихи заттармен танысты.

Әрбір отбасының өз жеңіс тарихы бар

Экскурсия жүргізушілерінің арқасында олар даңқты қазақстандықтар Бауыржан Момышұлы, Ізғұтты Айтықов, Төлеуғали Әбдібеков, Мәдина Ысқақова, Роза Бағланова және Қаныш Сәтбаевтың өмірінен көптеген қызықты фактілерді білді.

Әрбір қазақстандық отбасының өз Жеңіс тарихы бар. Алайда жауынгерлік ерліктер, тұтқынға алынған және хабар-ошарсыз кеткен жаралылар туралы мәліметтер, тағдырлары соғыспен мәңгі тоғысқан адамдар туралы әңгімелер көптеген қазақстандықтар үшін әлі де белгісіз болып қалуда. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы отандастарымыздың ерліктерінің географиясы өте кең: олар Мәскеу, Сталинград, Ленинград, Балтық, Украина, Польша, Германия, Франция аумағында соғысқан. Сонымен қатар, олар партизандық қозғалыста болды, қарсылық қозғалысына қатысты. Біз соғыс туралы білуіміз және есте сақтауымыз керек, - деді Әскери-тарихи музейдің экскурсовод-офицері аға лейтенант Дәулет Қадыров. 

Кездесу барысында мұражай қызметкерлері көрмеге келушілерді іздеу қозғалысымен таныстырды, жоғалған қазақстандықтарды іздестіруге өтінім қалдыру мүмкіндігі туралы айтты.

Әрбір отбасының өз жеңіс тарихы бар

Көрме Қазақстанның басқа өңірлерінде де өтеді.

Әрбір отбасының өз жеңіс тарихы бар

Өзгелердің жаңалығы